Ақмола облысы: Науқас ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Ақмола облысындағы коронавирус індеті бойынша өткен шұғыл брифинг барысында айтылды.
13 сәуірдегі жағдай бойынша Ақмола облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1936 жылы дүниеге келген.
5 сәуірден бастап Көкшетау темір жол ауруханасының провизорлық стационарында карантинде болған. 9 сәуірде вирус анықталған соң Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге емдеуге жатқызылды. Науқас ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен, бірден ИВЛ аппаратына жатқызылды. Диагноз: ауыр дәрежедегі екіжақты жаппай пневмония, вирустық этиологияның жіті ағымы. Сондай-ақ, науқас артериялық гипертензия, СОӨА, жүректің ишемиялық ауруымен ауырған, - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов.
Қазір стационарда 347 пациент ем қабылдауда. Оның ішінде инфекциялық бөлімдерде - 67,провизорлық бөлімде - 184, карантинде - 96 пацент жатыр. Ал, үй карантинінде - 662 адам.
Айта кетейік, Ақмола облысында жалпы 71 адам вирус жұқтырған, оның 4-еуі қаза тапты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы