Ақмола облысы мен СҚО-да қолайсыз ауа райына байланысты 9 жол учаскесі жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында сағат 22:30-дан бастап 6 жол учаскесі жабылды, атап айтқанда, негізінен, Көкшетау қаласынан шығатын жолдар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Республикалық маңыздағы автокөлік жолдарының ұлттық операторы мәліметінше, қазір төменде көрсетілген жол учаскелері жабық тұр:
- Астана - Петропавл тас жолының 304-341-ші шақырымдағы аралығы
- Көкшетау - Рузаевка тас жолының 0-61-ші шақырымдағы аралығы
- Көкшетау қаласының айналма жолының 0-18-ші шақырымдағы аралығы
- Көкшетау - Омбы тас жолының 2-50-ші шақырымдағы аралығы
- Көкшетау - Атбасар тас жолының 0-48 шақырымдағы аралығы
- Астана - Петропавл тас жолының 231-304 шақырымдағы аралығы (Щучинск қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі учаске)
Қар тазалау жұмыстарын жедел атқару үшін 18 арнайы техника жұмысқа кіріскен.
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан өңірінде де сағат 22:50-ден бастап бірқатар жол учаскелері жабылды:
- Астана - Петропавл тас жолының 34 -392-ші шақырымдағы аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Рощинское ауылына дейін)
- Көкшетау - Рузаевка тас жолының 61-196-шы шақырымдағы аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейін)
- Көкшетау - Омбы тас жолының 50-85-ші шақырымдағы аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Чекалов ауылына дейін )
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы