Ақмола облысы әкімінің гранты арқасында жүз педагог мектептерде жұмыс істей бастайды
400 адам Ақмола облысы әкімінің гранты бойынша жоғары педагогикалық білім алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңа оқу жылында осындай бастаманың арқасында аймақ мектептерінде жүз мұғалім жұмысқа кіріседі. Бұл туралы Көкшетаудағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде 1 қыркүйекке дайындық бойынша өткен брифингте хабарланды.
Ақмола облысында білікті педагог кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу әдістерін іздейді және қолданады. Мәселен, өңірде облыстық бюджет қаражаты есебінен жоғары педагогикалық білім алу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу тәжірибесі жалғасуда.
Қазіргі уақытта облыс әкімінің гранты бойынша 400 адам білім алуда, 2022 жылы бітірушілер саны 100 маманды құрады. Олардың барлығына облыс мектептеріне жолдама берілді. Сонымен қатар, жазда білім беру ұйымдарына 180 педагог келді, - деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов.
Бүгінгі таңда өңірдегі білім беру ұйымдарында – мектептерде, балабақшаларда, колледждерде және арнайы педагогикалық мекемелерде 22 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді.
Жалпы білім беретін мектептердегі педагогтарға қажеттілік 259 адам. Олар: математика – 52, орыс тілі мен әдебиеті – 47, ағылшын тілі – 38, бастауыш сыныптар – 27, физика – 17, информатика – 13, география – 10, химия – 9, биология – 7 және басқа пәндер – 39), - деп нақтылады Елдос Рамазанов.
Вакцинация туралы сөз болды. Жаңа оқу жылының алдында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарының педагогтері мен техникалық персоналына вакцинация жүргізіледі. Облыстың білім беру ұйымдарының 22 739 педагогінің 21 754 вакцинацияланды, 985 медициналық іріктеуден өтті, бүгінгі күні 16 920 педагог (78%) қайта вакцинацияланды. 14 048 қызметкердің 702 медотвод бар, екінші компонентпен 13 433 егілді, 10 544 (77%) қайта вакцинацияланды.
Әрі қарай әкімнің орынбасары оқулықтармен қамтамасыз ету туралы есеп берді. Жаңа оқу жылында 2 сыныпқа арналған қайта басылған оқулықтар, үштілділік және инклюзивті білім беру бойынша оқулықтар, қажеттілік бойынша 1,3-11 сыныптарға қосымша сатып алынады, контингенттің ұлғаюына байланысты және «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында көркем әдебиет сатып алу жоспарлануда, осы мақсаттарға бюджет қаражатынан 1,1 млрд теңге бөлінді.
Бүгінгі таңда өтінімдер әзірленіп, 19 баспамен 233 келісім-шарт жасалды. Оқу әдебиетін тасымалдаушылар анықталды, - деп түйіндеді Елдос Рамазанов.
Күрделі және ағымдағы жөндеулер туралы. Облыстық бюджет қаражаты есебінен және «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасы аясында мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы 11 мектепке күрделі жөндеу жүргізуге облыстық және республикалық бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінді. Күрделі жөндеуден өткен 11 мектептің 9 бойынша жұмыстар жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқталатын болады.
Құрылысқа келер болсақ, биыл өңірде 6 752 орындық 15 мектеп салу жалғасуда. Бүгінде Қосшыдағы мектептің құрылысы аяқталды (1 200 орын), ол 1 қыркүйекте есігін айқара ашады. Жыл соңына дейін тағы бес ғимаратты іске қосу жоспарлануда, олардың жалпы қуаттылығы 1932 орын.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа оқу жылында Ақмола облысының 546 мектебіне 136 мыңнан астам оқушы, оның ішінде 14 879 бірінші сынып оқушысы келеді.
Әсел ТҰРАР