Ақмола облысы агроөнеркәсіптік кешенде оң нәтиже көрсетіп отыр – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2025 жылға дейін Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенінде 265,9 млрд теңге сомасына 48 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, деп хабарлады өңірге жұмыс сапары барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев. 

Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан шаралардың арқасында Ақмола облысы агроөнеркәсіптік кешенде оң нәтиже көрсетіп отыр, – деді сала басшысы. 

Оның айтуынша, өсімдік шаруашылығындағы әртараптандыру шеңберінде соңғы үш жылда майлы дақылдар алқабы 61,4 мың гектарға ұлғайды және өткен жылы шамамен 271,2 мың гектарды құрады. 2021 жылы өңірде 2 187 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, бұл 2019 жылдан 15%-ға артық, 14 тауарлы-сүт фермасы мен 2 бордақылау алаңы пайдалануға берілді. 

Ақмола облысында 2025 жылға дейін агроөнеркәсіптік кешенде 265,9 млрд теңге сомасына 48 инвестициялық жобаны іске асыру, сондай-ақ оларды іске асыру үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу жоспарланған. Инвестициялық жобаларды іске асыру маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тапшылығын өтеуге және облыс пен елорда базарларындағы бағаларды тұрақтандыруға, сондай-ақ 2500-ге жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, - деді Ербол Қарашөкеев. 

Сонымен бірге ол қазіргі күні басым міндеттердің бірі оңтайлы агротехникалық мерзімде егіс науқанын уақтылы және сапалы жүргізу болып табылатынын атап өтті. 

Көктемгі егіс науқанын жүргізу үшін Бұл ретте Ақмола облысына 72 мың тонна жанар-жағармай бөлі көзделіп отыр, бұл өткен жылға қарағанда  2 мың тоннаға артық. 

Биыл өңірдегі болжамды егіс алаңы шамамен 5,1 млн гектарды құрайды. Өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге шамамен 41 мың тонна минералдық тыңайтқыштар жөнелтілді, оларды субсидиялауға жергілікті бюджетте 3,2 млрд теңге көзделген. Тұқым шаруашылығын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 789 млн теңге бөлінді.

Биыл  мемлекеттік қолдаудың теңдессіз шаралары көрсетілетін болады. Осы жүйелі шараларды қабылдау республиканың, оның ішінде Ақмола облысының ауыл шаруашылығын дамытудың орнықтылығын арттыруға мүмкіндік беретін болады, - деп толықтырды министр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы