Ақмола мен Қостанай облыстарында жол жабылды

Қазір жолды 100-ге жуық арнайы техника мен 140-тай маман тазалап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 18.00-дегі ақпаратқа сәйкес ауа райының нашарлауына байланысты, яғни қар жауып, боран соғу қаупінен республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Олар: Ақмола облысында 4 жол учаскесі, Қостанай облысында 3 учаске жабық. Күре жолдарда 100 арнайы техника мен 140 маман жұмыс атқарып жатыр, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы