6 Ақпан 2025 2025, 22:15
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Ақмола мен Қарағанды облыстарында жол жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыс аумағындағы жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыс аумағындағы жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлімдеді.
6 ақпан сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты екі республикалық жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, - деп атап өтті компаниядан.
Ақмола облысы:
- "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1291-1353 шақырым аралығындағы учаскесі (Жібек Жолы төлемақы алу пунктінен Ақмола облысының шекарасына дейін).
Қарағанды облысы:
- "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1353-1426 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) және 1505-1610 шақырымы аралығындағы (Қарағанды қаласынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін) учаскесі.
Жолды 7 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.