Ақмола мен Қарағанды облыстарында тағы 3 жол ашылды

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысында "Астана-Қорғалжын" тасжолының Астана қаласынан Қорғалжын ауылына дейінгі аралығы ашық. 

Сондай-ақ "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" күре жолының Қосшы қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралығында жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды. 

Қарағанды облысында "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Черниковка ауылына дейінгі аралығы ашық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы