Ақмола көлік инспекциясы жемқорлық дауының ортасында: 11 адам сотталды
Көкшетау қалалық соты Ақмола облысының көлік бақылау инспекциясындағы сыбайлас жемқорлық дерегіне қатысты істі қарастырып, үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сот алдында инспекция бөлімінің бұрынғы басшысы, делдал және тоғыз жүргізуші жауап берді.
Тергеу деректеріне сәйкес, лауазымды тұлға делдал арқылы жүйелі түрде пара алып отырған. Ол мұнай өнімдерін тасымалдауда қажетті рұқсат құжаттары болмаса да, қамқорлық көрсетіп, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған жағдайларда көз жұмған.
Сот айыпталушылардың барлығын пара алу және пара беру қылмыстарына кінәлі деп таныды. Көлік прокурорының өтініші негізінде Инспекциядағы бақылауды күшейтіп, жемқорлыққа жол бермеу туралы талаппен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне жеке қаулы жолданды.
Сот процесі ашық режимде өтті. Оған инспекция қызметкерлері де қатыстырылды. Бұл сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған алдын алу жұмысының бір бөлігі болды.