4 Қазан 2026, 22:24
Фото: depositphotos.com
Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімге тосын тексеру жүргізілді
Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Қорғаныс министрі, генерал-майор Айдос Мырзахметов Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне тосын тексеру жүргізді.
Министр әскери қызметтің ұйымдастырылуы және сарбаздардың орналасу жағдайымен танысты. Тексеру барысында казармалардың жай-күйі мен бөлім инфрақұрылымына ерекше назар аударылды.
Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.