Ақмарал Науатбек Азия Пара ойындарының чемпионы атанды
Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының алтын жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтық сында ол Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті.
Жеңіс оңай келмейді, бірақ бүгін Ақмарал жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Мен Ақмаралды жарқын жеңісімен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын, - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Бұған дейін Азия пара ойындарының алғашқы алтын жүлдесін пауэрлифтер Давид Дегтярев әкелген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы үш жыл ішінде киберспорттың орталық алаңына айналады
Өзгелердің жаңалығы