АҚДМ тапсырысы бойынша ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттардың гранталушылары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қаңтар мен 7 ақпан аралығында гранттар бойынша өтінімдер қабылдау жүзеге асырылды.
Бұл туралы АҚДМ баспасөз қызметі хабарлады.
ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатысуға 358 өтінім келіп түсті, оның ішінде 155 ҮЕҰ-дан 281 өтінім тәуелсіз сараптама комиссиясының қарауына жіберілді.
Өз кезегінде, гранттық қаржыландыру саласындағы оператор («Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы орталығы» КЕАҚ) 2021 жылы қызметінің тиімділігі мен сарапшылардың сапалық құрамын арттыру мақсатында Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері мен академиялық қызметкерлер қатарынан гранттар беру қағидаларының жаңа талаптарын ескере отырып, сарапшылар тізілімін қалыптастырды. Сарапшылар тізілімінің құрамындағы сарапшылар саны 15-тен 62 адамға дейін артты. Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгерген сарапшылардың үлесі 90% асты.
Сараптама комиссиясында тұрған барлық сарапшылардың біліктілігі гранттық қаржыландыру саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келеді.
Мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде ағымдағы жылдың 24 қаңтарында 15 бағыт бойынша сарапшылар тізілімінен кездейсоқ іріктеу әдісімен конкурстық комиссияның сарапшыларын іріктеу өткізілді. Сарапшыларды іріктеу оператордың әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетілді. Кездейсоқ іріктеу қорытындысы бойынша тізілімде тұрған 62 сарапшыдан негізгі құрамға 25 сарапшы іріктелді.
Негізгі және резервтік сарапшылар қатарындағы сараптау комиссиясының құрамы орталықтың сайтында жарияланған.
Сараптамалық комиссияның отырыстары оператордың (АБҚО) әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде өткізілді.
Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап оператордың ресми сайтында гранттық жобалар бойынша барлық құжаттарды (жеңімпаздардың конкурстық өтінімдері, жобаны іске асырудың егжей-тегжейлі жоспары, жобаның егжей-тегжейлі бюджеті және жоба шеңберіндегі барлық есептер) орналастыру тәжірибесі енгізілді. Гранталушылардың есептілігін қарау мерзімі 10-нан 7 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Жобаны іске асыру кезеңінде (басында, ортасында және іске асыру қорытындылары бойынша) гранталушылардың жобаларын тікелей эфирде 3 рет көпшілік алдында таныстыру тәжірибесі енгізілді.