Ақбөкендерді қорғау. Павлодар облысында заңбұзушылықтар тіркелді

Ертіс өңірінде ақбөкендердің төлдеу кезеңінде қорғау шаралары күшетіледі. Табиғат қорғау акциясына 10 инспектор жұмылдырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Түлепбаевтің мәліметінше, соңғы 4 жыл ішінде өңірде мекендейдін киіктердің плпуляциясы 5 есе артқан. Мониторнг нәтижесінде аңдардың саны 25 мың бас деп болжанып отыр. Есептеу шаралары жалғасуда.

Ақбөкендер аңшылыққа жататын жануарлар тізімінде болса да, облыс бойынша оларды аулауға қатаң тыйым салынған. Десе де, киіктерді ату, мүйізі мен етін сату деректері тіркелсе, жауапкершілік Қызық кітапқа енгізілген аңдарға қолданылатын жазамен тепе-тең. Заң бойынша жануардың аталығын аулағаны үшін келтірілген залалды өтеу үшін 1,8 млн теңге, ал аналығы үшін 1,3 теңге қарастырылған. Сонымен қатар,  6000 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілік пен жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған, - дейді Руслан Түлепбаев.

Айта кетейік, соңғы 5 жылда өңірде киіктерді заңсыз аулау деректері тіркелмеген. Бірақ, былтыр ақбөкендердің мүйізін сатумен айналысудың екі фактісі анықталды. 

Баянауыл ауданындағы қыстақтардың бірінен 55 және Ақсу қаласы тұрғындарының бірінен 800-ге жуық мүйіз табылды. Қос дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Банауыл ауданына қарасты іс сотта қарастырылып жатыр. Ал кінәсі дәлелденген ақсулыққа қатысты жеті жылға бас бостандығынан айыру және 2 млрд теңгенің залалын өндіру туралы сот үкімі шығарылды.  

Айта кетейік, облыс аумағында киелі жануарлар Май және Баянауыл аудандарында мекендейді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы