Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» повесі сахналанды

Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында ақын Ақберен Елгезектің бестселлері желісімен қойылған «Болмаған балалық шақ» драмасының премьерасы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Премьера 2023 жылғы 19 және 21 мамыр күндері сағат 19:00-де, Астана қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында өтеді.

«Болмаған балалық шақ» қойылымы ақынның кітабы негізінде жарық көріп отыр. Қоюшы-режиссері: Әли Бидахмет. Спектакльді әсем әуенмен көркемдеген – Сұлтан Тұрсынбеков. 

Жетім баланың тағдырынан сыр шертетін автобиографиялық әңгіме желісі көмескі тартқан өткен жылдарды суреттейді. Автор Ақберен Елгезектің қиялындағы ғұмыры, өмірден көрген тауқыметі, арпалысқа түскен бақытсыз күндері бейнеленген. Əкесінен жастайынан айырылған ол, анасынан да тірідей айырылып, қоршаған ортадан пана іздеген. 

Табиғат анамен тілдесе отырып, бүгінгі қоғамның алып тұлғасына айнала білді. Кітапқа жазған балаң шақтағы қияли ойлары талай тағдырластарының өткенін еске алуға септігін тигізді. Осынау өмірде ерте есейіп, бір уыс мейірімге шөлеркеген балалық шағының шытырман оқиғаға толы хикаяттары кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы