10 Тамыз 2026, 22:55 Фото: видеодан скрин

«Ақ Жол» жемқорлардың «Лазурный жағалауға қашып кетуіне» жол бермеуді ұсынды

«Ақ Жол» партиясының төрайымы жемқорлардың заңсыз жолмен тапқан ақшасын елден шығарып, шетелге қашып кетуіне жол бермеу қажет екенін айтты.

«Ақ Жол» партиясының төрайымы Дания Еспаева жемқорлық үшін күдікке ілінген адамдардың елден шығуына шектеу қойып, шығу тегі түсініксіз қаражатты Қазақстанға қайтаруды ұсынды.

Еспаева бұл шараның жемқорлықпен күресте жалғыз өзі жеткіліксіз екенін, бірақ басқа тетіктермен бірге қолданылуы керек екенін айтты. Оның сөзінше, жемқорлардың офшордағы шоттарын бұғаттап, шығу тегін түсіндіре алмаған қаражатын елге қайтару қажет.

Егер бұл ақшаның шығу тегін дәлелдесе, өтінемін, бұл – оның меншігі. Ал егер шығу тегін дәлелдей алмаса, ол ақшаны Қазақстанға қайтаруы керек, – деді Еспаева.

Сондай-ақ партия төрайымы жемқорлардың заңсыз жолмен тапқан ақшасын елден шығарып, шетелге қашып кетуіне жол бермеу қажет екенін айтты.

Біз оған тыйым саламыз. Сонда біздің жемқорларымыз Лазурный жағалауға барып, ақша жымқырып, қайтадан Лазурный жағалауға қашып кете алмайды, – деді Дания Еспаева.