Ақ жол саған, жас түлек!

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада №91 мектеп-гимназиясында «Түлек - 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шара барысында оқу ісі жөніндегі директордың  орынбасары Гүлнар Ахметова оқушылар мен ұстаздарды айтулы мерекемен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізді.

Білім ордасы былтыр ашылды. Мектепте 1431 оқушы бар, оның ішінде бүгінгі іс-шарада 41 түлекті үлкен өмірге шығарып салып отырмыз.  4 оқушы үздік атестатқа үміткер, -  деді  №91 мектеп-гимназиясының оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары.

Ахметованың айтуынша, өтіп отырған іс-шара «Балалар жылына» арналып отыр.

Сондай-ақ білім мекемесінде алғашқы рет мектеп басшылары оқуы жылындағы ғылыми, спорттық сайыстарға және халықаралық конференцияға қатысқан оқушылар мен ұстаздарды алғыс хаттармен марапаттады.

«Үздік ата-ана» төсбелгісімен марапатталған Гүлназ Шарапат ата-ана ретінде өз әсерімен бөлісті.

Мектебіміз заманауи құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Өте білікті мамандар жұмыс атқарады. Білім ордасында бірнеше тіл оқытылып жатыр. Және мектептің халықаралық бакалавриат (AB) дәрежесіне кезең-кезеңімен көшуі қуантып отыр. Сол себепті мұғалімдер ата-аналармен тығыз байланыса отырып, оқушылардың дамуына, жақсы үлгеріміне үлестерін қосуда,  - деді Гүлназ Жақсыбекқызы.

Мектеп түлегі  Әйгерім Көкенова Бахрейн Корольдігінің қолдауымен салынған мектептің ерекшелігін атап өтті.

11 жыл бойы оқып, бүгін бәріміз алтын ұямыздан ұшқалы жатырмыз. Біздің мектеп жан-жақты дамыған. Оқуымызда 5 тіл үйретіледі, ол мемлекеттік тіл және орыс тілімен қоса ағылшын , араб  және француз тілдері оқытылады.  Тек гуманитарлық бағыт емес шығармашылық жағыда жақсы дамыған. Мысалы, мектепте актерлік шеберлік, би және ән үйірмелері бар, - деді түлек.

Сонымен қатар Әйгерім Көкенова сыныптың ҰБТ-аға дайындығы туралы айтты.

Өзімнің қалған ұпайымды алам деген сенімдемін. Бұйырса, бәріміз өзіміз қалаған оқуымызға түсіп кетерміз. Әрине, уайым бар. Әлі мемлекеттік емтихандарымыз бар сонымен қатар ҰБТ келер жатыр. Бірақ біз жыл бойы дайындалдық. Менің ойымша, әркім бағына байланысты қалаған оқуына түседі деп ойлаймын, - деді 11а сынып оқушысы.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы