26 Тамыз 2026, 18:57 Фото: akzhol.kz/kk

«Ақ жол» Құрылтайға баратын 8 депутаттың тізімін айтты

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Саяси кеңесінің Президиумы сайлау қорытындылары бойынша Құрылтай депутаттарының 8 мандатын бөлді.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 25.08.2026 ж. №48/84 қаулысына сәйкес, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы Саяси кеңесінің Президиумы сайлауда алған Құрылтай депутаттарының 8 мандатын «Ақ жол» ҚДП партиялық тізіміне кірген кандидаттар арасында бөлді.

  1. Ахметжаев Дәурен Хайруллаұлы;
  2. Бибаев Бақтыбек Сәлбекұлы;
  3. Еспаева Дания Мәдиқызы;
  4. Қожахметов Асылхан Төлепбергенұлы;
  5. Ли Юрий Виссарионович;
  6. Нұралдинов Олжас Елтайұлы;
  7. Шынасылова Мейраш;
  8. Юсупов Ермекқали Төлепқалиұлы.

Еске сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясы шығарған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлаудың қорытынды нәтижелері бойынша «Ақ жол» Демократиялық партиясы 478 083 дауысқа (5,21%) ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін ЖСДП Құрылтайға кіретін 8 депутаттың есімін жариялағаны хабарланды. 

Сондай-ақ, «Ауыл» партиясы Құрылтайға баратын 10 депутатының тізімін жариялады.