«Ақ жол» Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Ақ жол» партиясының ХІХ құрылтайы кезінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жасырын дауыс берудің нәтижесін айтатын болсақ, жалпы берілген бюллетеньдер саны - 126. Сайлау жәшігінен 126 бюллетень алынды. Оның ішінде бүлінген бюллетеньдер жоқ. Барлық 126 бюллетень жарамды деп танылды, - деп атап өтті қорытынды хаттаманы оқыған Есеп комиссиясының төрайымы Гүлмайса Шаңбаева.

Сонымен қатар ол кандидаттардың қанша пайыз дауыс жинағанын атап өтті.

Жасырын дауыс беру нәтижелеріне сәйкес, Дүйсенова Сандуғаш Елубайқызы – 8 дауыс (6,4%), Ерубаев Серік Сәрсенұлы – 23 дауысқа (18,2%), Садықов Асқар Аманбайұлы – 14 дауысқа (11,2%). Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсыну жөніндегі қоғамдық коалицияны қолдау 81 дауысқа (64,2%) ие болды. Барлығы – 126 дауыс, - деді Есеп комиссиясының басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін партияның ХІХ құрылтайында партия атынан ел президенттігіне үш кандидатты ұсыну туралы айтылған болатын. Партиялық үш үміткердің бірі - жетісулық партияласымыз, журналист Сандуғаш Дүйсенова. Екінші кандидат - Атырау облыстық филиалымыз ұсынған, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев. Ал үшінші үміткер - «Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы