17 Тамыз 2026, 20:30 Фото: akzhol.kz/

«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы Атырауда еңбек ұжымдарымен кездесті

«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы «Атырау вагон құрастыру зауытының» еңбек ұжымымен кездесті. 

Жиынға партия төрағасы Дания Мадиқызы мен Құрылтай депутаттығына үміткерлер қатысып, зауыттың өндірістік жұмысымен танысты.

Кездесу барысында отандық өндірісті дамыту мен кәсіпкерлерді қолдау жайы талқыланды. Ал еңбек ұжымы өз кезегінде несие, ипотеканы жеңілдету, азаматтардың қаржылық жүктемесін азайту, баспана қолжетімділігі және жеке мәліметтердің коллекторларға таралуы сияқты ең өзекті мәселелерді көтерді.

«Ақ жол» партиясы Республикалық сайлауалды штабының үгіт-насихат жұмыстары Атырау қаласындағы «Sultan Palace» кешенінде жалғасты.

Партия төрағасы Дания Еспаева мен штаб мүшелері отандық кәсіпкерлермен және банк секторының мамандарымен арнайы жүздесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

Басқосу барысында отандық өнімді қолдау, қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін барынша азайту мәселелері кеңінен сөз болды. Сондай-ақ қатысушылар бизнесті қаржыландыру, ипотекалық несие шарттары, қаражаттың қолжетімдігі мен банктер мен кәсіпкерлер арасындағы өзара тиімді ықпалдастықты дамыту жайын қозғады.

Еркін диалог алаңында кәсіпкерлер ұсыныстарын ортаға салып, бизнесті өркендету жолындағы түйткілді мәселелерді ашық көтерді. 
Өз кезегінде партия төрағасы Дания Еспаева отандық кәсіпкерлікті қорғау мен ұлттық өндірісті қолдау «Ақ жолдың» сайлауалды бағдарламасындағы ең басым бағыттардың бірі екенін қадап айтты.

Ашық пікір алмасу форматында өткен нәтижелі жиын соңында қатысушылар «Ақ жол» партиясының саяси бағдарламасымен жақынырақ танысып, ұсынылған бастамаларға оң баға берді. Бизнес пен банк секторының өкілдері алдағы сайлауда партияны толықтай қолдайтынын әрі өз дауыстарын «Ақ жолға» беретінін мәлімдеді.