«Ақ жол» партиясы «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңның қабылдануына 8 жылын арнады

Биылғы жылдың 3 наурызында «Ақ жол» демпартиясы 8 жыл бойы талап етіп келген «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алматыдағы жақтастар митингісінде партия төрағасы Азат Перуашев мәлімдеді. Ол, сонымен қатар, бұл тақырыптың тарихына да тоқталып өтті. 

«Ақ жол» фракциясы «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңды әзірлеуді алғаш рет  2014 жылы ұсынған болатын. 

Бұл бастамаға 2008-2011 жылдардағы экономикалық дағдарыс салдарынан көптеген кәсіпорындардың күйреуі және тоқтап қалу фактілері, сондай-ақ азаматтардың төлем қабілетсіздігі мен  коллекторлардың заңсыздығы себеп болды.

Халықаралық тәжірибені зерттеген «Ақ жол» демпартиясы борышкерлердің әлеуметтік құқықтарын қорғау бойынша ұсыныстар дайындады, ол үш негізгі шараны қамтушы еді: қарыз бойынша пайыз есептеуді тоқтату, қарыздың белгіленген сомасын өтеуге қосымша мерзім беру және қарызды өтеу үшін борышкердің жалғыз баспанасын алып қоюға тыйым салу.

Алайда Қаржы министрлігі бұл ұсыныстарға тосқауыл қойып, «мұндай тетік елімізде 2016-2017 жылдарға жоспарланған кірістерді жалпыға бірдей декларациялауды енгізу арқылы ғана мүмкін болады» деп жауап берген. «Ақ жол» демпартиясының сол ұсынысынан жыл сайын түрлі сылтаулармен бас тартылып келді.

2017 және 2019 жылдары үкіметтің тиісті жауабын күтпестен, «Ақ жол» демпартиясы «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобаларын әзірлеп, ұсынды, оған да мемлекеттік органдар тосқауыл қойды.

Алматыда борышкер өзін үйден шығаруға келген бес адамды атып тастаған немесе анасы балаларын көпқабатты үйден лақтырып жіберген бірқатар қайғылы оқиғалардан кейін ғана мәселенің өзектілігі мен өткірлігіне Үкіметтің көзі жетті, оның өзінде Президент Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы желтоқсандағы тікелей тапсырмасынан кейін ғана. 

2022 жылы Үкімет пен Ұлттық банк «Ақ жол» партиясының ұсыныстарын ескере отырып заң жобасын дайындады, ол бойынша парламенттегі жұмысты демпартия депутаты Дания Еспаева басқарды. 

2022 жылғы 30 желтоқсанда Президент Қ.Тоқаев жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы заңға қол қойды.

Бұл заңның қабылдануы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тікелей тапсырмасын орындаудың және «Ақ жол» демократиялық партиясы және үкімет пен Ұлттық банк арасындағы 8 жылға созылған даулардың нәтижесінде болды.

«Ақ жол» фракциясы талап етсе де, құжатта борышкерлердің жалғыз баспанасын алып қоюға тыйым салу мәселесі толық шешілмеген, бірақ, соның өзінде бұл заң азаматтардың қарыз ауыртпалығын жеңілдетіп, қиын өмірлік жағдайға тап болған мыңдаған азаматтарға нақты көмек көрсететін маңызды құралға айналары сөзсіз. 

Алғашқы күннің өзінде-ақ 2,5 мың қазақстандықтың осы заңды қолдануға өтініш білдіргені кездейсоқ емес.

Үкімет пен Ұлттық банк «Ақ жол» депутаттарының талабын елемей келген 8 жыл ішінде қанша мың қандастарымыздың барынан айырылып қалғанын болжау ғана қалды, - деді А.Перуашев митингіде.

*Материалдың ақысы «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлау қорынан төленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: «Ақ жол» демократиялық партиясынан
Өзгелердің жаңалығы