«Ақ жол» Мәжіліске Қайрат Боранбаевтың кандидатурасын ұсынды

«Ақ жол» демократиялық партиясы кезектен тыс өтетін Мәжіліс сайлауына Қайрат Боранбаев есімді кандидатты ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы «Ақ жол» партиясының елордада өткен кезектен тыс ХХІ съезінде белгілі болды. 

Съез барысында партиялықтар Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына партия атынан бәсекеге түсетін депутаттардың есімін жариялаған болатын. Оған партияның 54 өкілі кіреді. Ал бірмандатты округтен 24 адам қатысады деп күтілуде.

Партиялық тізім бойынша ұсынылатын үміткерлер тізімінің қатарындағы Қайрат Боранбаев көпшілік ойлағандай емес, белгілі бизнесменнің жай ғана аттасы болып шықты. 

Боранбаев Қайрат Жомартұлы - «Нурлен» ЖШС басқарма төрағасы, Қызылорда облыстық мәслихатының VII шақырылым депутаты, - делінген партия таратқан ақпаратта. 

Ал ғаламтордағы ақпаратқа сүйенсек, Қайрат Жомартұлы 7 жыл бизнес саласында жұмыс істеп, кейін облыстық салық департаментінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары болған. Кеден департаментінде басқарма бастығы қызметтерін абыроймен атқарған. 2009 жылдан қайтадан бизнестегі жолын жалғастыруда, «К-Group LTD» ЖШС, «Нурлен» ЖШС-нің басқарма төрағасы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы