"Ақ Үйде сіздерді жақсы көретін бір адам бар" - Трамп ауызашар берді

Бейсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол 2024 жылғы президенттік сайлауда өзін қолдаған «жүздеген мың америкалық мұсылмандарға» алғысын білдірді.
Мұсылман қауымы қараша айында бізбен бірге болды. Мен президент болғанша, мен де сіздермен бірге боламын, – деді Дональд Трамп.
Бұл кешкі ас Таяу Шығыста Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс жалғасып жатқан кезде өтті.
Ақ үйде сіздерді жақсы көретін адам бар. Күн сайын біз мұсылман қауымына берген уәделерімізді орындап келеміз. Менің әкімшілігім Таяу Шығыста ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату үшін үздіксіз дипломатиялық жұмыстар жүргізуде. Біз бәрі мүмкін емес деп санаған тарихи Авраам келісімдері негізінде әрекет етіп жатырмыз. Енді біз оларды толықтырып, іске асыруға кірісеміз, – деді Трамп.
«Біздің бар тілегіміз – бейбітшілік», – деп қосты ол.
Президенттің айтуынша, оның мақсаты - бәріне жарқын әрі үмітке толы болашақ сыйлау.