Ақ үйде Путин мен Зеленскийдің кездесу орны талқылануда

АҚШ Ресей мен Украинамен бірге Ресей президенті Владимир Путин мен Украина басшысы Владимир Зеленскийдің алғашқы кездесуі өтетін ықтимал орындарды қарастырып жатыр. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ұлттық қауіпсіздік тобы екі тараппен де көптеген нұсқаларды талқылап жатыр, - деді ол.

Левиттің айтуынша, Владимир Путин алдағы апталарда Зеленскиймен кездесуге келіскен. Бұл кездесуді АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио және арнайы өкіл Стив Уиткофф дайындап жатыр.

БАҚ мәліметінше, келіссөздер Женевада немесе Римде өтуі мүмкін. Sky News дерегіне сай, Ресей жағы Женеваға бейім, ал Дональд Трамп пен Владимир Зеленский Рим нұсқасын қолдайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы