Ақ үй Жоғарғы соттан шетелдік көмекті тоқтатуға рұқсат сұрады

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Жоғарғы соттан миллиардтаған долларлық шетелдік көмекті уақытша тоқтатуға рұқсат сұрады. Бұл туралы The Washington Post басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін Колумбия федералды апелляциялық соты Ақ үйді болашақ көмек көрсетуге миллиардтаған доллар бөлуге міндеттеген төменгі соттың алдын ала тыйымын жойған еді. Алайда кейіннен апелляциялық сот шешімді қайта қарап, істі АҚШ округінің судьясы Амир Х. Әлиге қайтарды.

Судья Әли Трамп әкімшілігі 2024 жылғы бөлу туралы заңды бұзғанын анықтап, жаңа алдын ала тыйым салды. Басылым дерегінше, шамамен 11,5 млрд доллар көлеміндегі қаржы қазан айының соңына дейін бөлінуі тиіс, бірақ сот бұл мерзімді ұзартуы мүмкін.

Трамп әкімшілігі шешімді жедел қайта қарауды талап етті. Апелляциялық соттың өзі екіге бөлінгеніне қарамастан, судьяның шешімін қолдады, – делінген мақалада.

Бұған дейін, 1 қыркүйекте WP Ақ үйдің өкілеттігін кеңейткен Жоғарғы соттың бірқатар төтенше қаулылары туралы хабарлаған болатын. Сарапшылардың пікірінше, қаралып жатқан істер АҚШ-тағы билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікке елеулі ықпал етуі мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы