Ақ үй Зеленскийге қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Украина президенті Владимир Зеленскийдің сөзіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айтуынша, Украина көшбасшысының Трамппен атышулы кездесуінің өту жағдайына өкінетіндігі – "алға оң қадам басу" болып саналады.

Сондай-ақ ол "Украинаны қаржыландыру" қазіргі таңда қарастырылып жатқан мәселе, ал Украинадағы сирек кездесетін металдар туралы келісім жасау бойынша келіссөздер әлі жалғасады деп отыр. Алайда баспасөз хатшысы келіссөздің мән-жайын нақты ашып айтпады.

Сонымен қоса Киевте Украина мен АҚШ өкілдері "жақын арада кездесу өткізетіндігін" мәлімдеген болатын. Кездесуге кімдердің қатысатындығы әзірге белгісіз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы