Ақ үй шатдаунға байланысты қысқартылатын ведомстволар тізімін әзірледі
АҚШ-та үкіметтің ішінара жұмысын тоқтатуы (шатдаун) салдарынан қызметкерлерін қысқартатын ведомстволардың тізімі дайындалды. Бұл туралы CNN Ақ үйдегі дереккөздерге сілтеме жасап хабар таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақпаратқа сәйкес, әкімшілік-бюджеттік басқарма қысқартуларға ұшырайтын мемлекеттік құрылымдардың тізімін әзірлеген. Құжат алдағы күндері – жұмада, сенбіде немесе жексенбіде жариялануы мүмкін.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп шатдаун федералды қызметкерлерді жаппай қысқартуға және демократиялық партияның «сүйікті жобаларын» тоқтатуға әкелуі ықтимал екенін ескерткен еді.
Еске салайық, Конгресс жаңа қаржы жылына арналған бюджетті уақытында қабылдай алмағандықтан, 1 қазаннан бастап АҚШ үкіметі ресми түрде жұмысын ішінара тоқтатты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда жанар-жағармай сапасы қандай?
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы