Ақ үй маңындағы атыс: екі ұлттық гвардияшы жараланды
АҚШ-та Вашингтон орталығында, Ақ үйдің жанында болған атыс кезінде Ұлттық гвардияның екі қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC News-ке сілтеме жасап.
Зардап шеккендердің жағдайы әзірге белгісіз.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт президент Дональд Трампқа оқиға туралы дереу баяндалғанын мәлімдеді.
Вашингтон полиция департаментінің хабарлауынша, оқ атқан бір күдікті ұсталған. Оқиға орны қоршауға алынып, тексеру жүргізіліп жатыр.
Бұл – АҚШ-та соңғы күндері тіркелген бірнеше қарулы оқиғаның бірі. 21 қарашада Солтүстік Каролина штатындағы Конкорд қаласында Рождестволық шыршаны жағу салтанаты кезінде де атыс болып, төрт адам жарақат алған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы