Бүгiн 2026, 04:27 Фото: depositphotos.com

Ақ үй: Иранмен соғысқа шамамен 30 млрд доллар жұмсалды

Бұл сома АҚШ Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) берген есебі негізінде есептелген.

Ақ үй АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясына шамамен 30 миллиард доллар жұмсалғанын мәлімдеді.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Конгресс Өкілдер палатасының бөлу комитетіндегі тыңдау барысында Ақ үйдің Әкімшілік-бюджеттік басқармасының директоры Рассел Воут айтты.

Оның сөзінше, бұл сома АҚШ Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) берген есебі негізінде есептелген.

«Біз шамамен 30 миллиард доллар жұмсадық», – деді Воут.

Тыңдау барысында одан әскери операция шығындары 100 миллиард доллардан асып кеткені туралы ақпаратқа қатысты пікір сұралды. Алайда шенеунік бұл деректерді растамады.

«Мен сіздерге тек Қорғаныс министрлігінен естігенімді және олар ұсынған талдау нәтижелерін ғана айтып отырмын», – деді Рассел Воут.

Ол әскери шығындардың егжей-тегжейіне тоқталған жоқ.