9 Қазан 2025, 10:10
Фото: unsplash.com
Ақ халатты алаяқ: дәрігер мүгедектік рәсімдеуге уәде беріп, 4 млн теңге жымқырған
Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
6 науқасқа мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен клиника дәрігеріне қатысты үкім шығарылды.
Алаяқ-дәрігер өзінің қызметін жұмыс орнында ұсынған, алайда шын мәнінде мұндай көмек көрсетуге құқығы болмаған. Алдап алған 4 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын ол жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Прокурор ұсынған дәлелдемелермен айыпталушының кінәсі толық дәлелденді, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығын ескере отырып ол бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Материалдық шығын өндірілді, – делінген прокуратура мәлімдемесінде.
Үкім заңды күшіне енді.
Қала прокуратурасы әлеуметтік қызметтерді алу үшін тек уәкілетті органдарға ресми өтінішпен жүгіну қажет екендігін назарға салады.
- Францияда Apple компаниясына қарсы сот процесі басталады 01:29
- АҚШ 26 жылдан кейін қызылшаны жойған ел мәртебесінен айырылды 00:30
- Зардап шеккендер жоқ: Өскеменде қоғамдық монша өртенді 17.11.2026
- TikTok эфирінде балағат сөз айтқан Семей тұрғыны айыппұл арқалады 17.11.2026
- Қазақстанда электромобильдер саны 43 мыңнан асты 17.11.2026
- Қазақстандық актер Испанияда халықаралық марапатқа ие болды 17.11.2026
- Ауыр атлетикадан ел чемпионатында жаңа жеңімпаз анықталды 17.11.2026