Аптап ыстық және өрт қаупі: Бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қазгидромет тұрғындарды ауа райының қолайсыздығы кезінде сақтық шараларын сақтап, төтенше жағдайлар қызметінің ескертулерін ескеруге шақырады.
«Қазгидромет» бүгін, 12 тамызда Қазақстанның бірқатар өңіріне дауылды ескерту жариялады.
Маңғыстау облысында найзағай, шаңды дауыл және тұман күтіледі. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстікте ауа температурасы +40°C-қа дейін көтеріліп, өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында таулы аудандарда жаңбыр, найзағай және дауыл болжанады. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 12-14 тамызда ауа температурасы +40...+44°C-қа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте +40...+42°C, Түркістанда +40...+43°C ыстық болады.
Алматы облысында таулы аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз +35...+38°C ыстық сақталады. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Жамбыл облысында таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай болжанады. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +38...+42°C-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Жекелеген аудандарда желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар +35...+39°C аралығында ыстық болады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с, жекелеген аудандарда 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз ауа температурасы +40...+43°C-қа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында таулы аудандарда жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Күндіз +35...+39°C ыстық болады. Бірқатар ауданда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстікте ауа температурасы +35...+41°C аралығында болады, төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Батыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Күндіз +37°C-қа дейін ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Сондай-ақ Атырау, Павлодар және Ақтөбе облыстарында найзағай, желдің күшеюі, кей жерлерде жаңбыр мен бұршақ болжанады. Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Қазгидромет тұрғындарды ауа райының қолайсыздығы кезінде сақтық шараларын сақтап, төтенше жағдайлар қызметінің ескертулерін ескеруге шақырады.