Күндіз Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 20 маусымда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада 20 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болатыны болжанады.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтөбеде 20 маусымда күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 20 маусымда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында. күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 40-41 градус аптап ыстық болатыны болжанады. Атырауда 20 маусымда күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 20 маусымда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Павлодар облысында 35 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 20 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Абай облысында 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың солтүстігінде 38 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 20 маусымда күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 20 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда нөсер жаңбыр болып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 20 маусымда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 20 маусымда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.