"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, қаладағы аптап ыстық тағы үш күн сақталады: 18, 19 және 20 шілдеде. Бұл кезеңде жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде: +24...+26°C, ал күндіз: +40...+42°C.
Синоптик түсіндіріп өткендей, ауа температурасының бұлайша жоғарлауына Орталық Азия мен Таяу Шығыс аудандарынан ығысып келген ыстық және құрғақ ауа массалары түрткі.
Ыстықтың беті 21 шілдеден бастап біртіндеп қайта бастайды. Күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, найзағай кезінде желдің екпіні 15 м/с дейін артады. Ауа температурасы күндіз: +34...+36°C болады.
Қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ болады. Ауа температурасы түнде: +22...+24°C, күндіз: +30...+32°С, – дейді Қазгидромет өкілі.
Алдын ала болжам бойынша, аптаның соңында Алматыда неғұрлым қолайлы ауа райы күтіледі. Дегенмен аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, екпінді жел болады. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +30...+32°C.