Аптап ыстық: Жапонияда рекордтық температура тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның Сидзиока префектурасының Хамамацу қаласының орталығында термометр бағаны 41,1 Цельсия градусқа дейін көтеріліп, рекордтық көрсеткіш тіркелген. Бұл туралы kyodonews агенттігі хабарлады. 

Жапонияның метеоқызметінің хабарлауынша, дәл осындай ауа температурасы 2018 жылдың 23 шілдесінде, Сайтама префектурасының Кумагая қаласында тіркелген. Жапонияның барлық өңірінде тамыз айында күн өте ыстық болып отыр. Қазіргі уақытта Токиодағы температура 35 градусқа жетті. Жапонияның жергілікті билік өкілдері тұрғындарды күн тиюден сақтануға шақырады. Былтыр ыстық өтіп кеткен 70 мыңнан аса адам ауруханаға жатқызылып, олардың 126-ы қайтыс болған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы