Апта соңында күн жылиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 29-31 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады. Ауа райы, көбінесе жауын-шашынсыз, тек шығыста, ал аптаның басында - республиканың солтүстігінде, орталығы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
Осы кезеңде шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын жаууы мүмкін. Кей жерде жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Ауа температурасы керісінше көтеріледі, себебі бүкіл республиканың территориясына Иран аймақтарынан жылы ауа массалары енеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың 98% ПТР анықтамасы бар
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы