Apple Iphone 12 өндірісін тоқтатады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Apple компаниясы 2021 жылдың екінші тоқсанында IPhone 12 mini өндірісін тоқтады, деп хабарлайды ixbt.com.
Өткен жылдың қазанында компания iPhone 12: iPhone 12 mini, Phone 12 Pro және iPhone 12 Pro Max ұялы телефондарын шығара бастаған.
iPhone 12 mini 5,4 дюймдік OLED дисплейімен жабдықталған, Apple-дің ең арзан жаңа смартфоны болып саналады. Ұялы телефон арзан болғанына қарамастан қазіргі таңда ең нашар сатылатын модель болып отыр. Оның сатылымдағы үлесі – 6%.
Жақында танымал JPMorgan Chase инвестициялық ұйымы iPhone 12 телефондарының сатылымына қатысты болжамды жариялады.
Сарапшы Уильям Янгтің болжамынша, iPhone 12 және iPhone 12 mini смартфондарын өндіру 9 және 11 миллионға азаюы мүмкін.
Сонымен қатар ол iPhone 12 mini-ге сұраныз аз екенін, әлемдегі нарықта өтпей жатқанын атап өтті. Уильям Янг дереккөзге сілтеме жасай отырып, компания 2021 жылдың екінші тоқсанында iPhone 12 mini телефонын шығаруды тоқтататынын айтты.
Алайда Apple смартфондардың жаңа желісінде кішкентай модель пайда болады деп жоспарлап отыр. Сондай-ақ сарапшы iPhone 12 Pro Max телефонының 11 миллион бірлігі сатылуы мүмкін деп болжам жасады.