«APL Construction» серіктестігіне 77,3 млн теңге айыппұл салынды
Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚДА Алматы қаласы бойынша департаменті «APL Construction «ЖШС» қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кәсіпкерлік кодексінің бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.
Серіктестік өзінің үстем жағдайын инвестицияларды пропорционалды емес өтеу арқылы, газбен жабдықтаудың пәтер ішіндегі желілеріне қосылуға мәжбүр болған тұтынушылардың қаражаты есебін теріс пайдаланған, бұл тұтынушылардың белгісіз тобының заңды құқықтарына нұқсан келтіруге әкелді, - делінген ақпаратта.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 10 қаңтардағы қаулысымен серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 77,3 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.
Бүгінгі күні сот қаулысы толық көлемде орындалды.