Апиын ұрықтары жапсырылған теңгелер
Астана, BAQ.KZ. Қостанай шекара отрядының «Қайрак-авто» бөлімшесінде, өткен түнде шекарашылар арнайы үйретілген қызметтік иттің «көрсетуімен», «Вольво» жүк көлігімен біздің елден Ресейге қарай кетіп бара жатқан 49 жастағы қазақстандықты ұстады.
Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл азаматты жеке алып шығып тексеру барысында оның құжаттар салынған папкасынан қою-жасыл түсті, иісі апиын ұрықтарына ұқсайтын, өсімдік текті түйіршіктермен жапсырыла көмкерілген екі жүз теңгелік монеталар табылды. Ұсталған азамат айғақ затымен бүгін түңгі бірлер шамасында Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
22 мыңнан астам жас буын мансабын мемқызметпен байланыстырды
Келесі жаңалық
Түркияда автобус апатқа ұшырап, 30 адам зардап шекті
Өзгелердің жаңалығы