Апатты және үш аусымды мектептер қашан жойылатыны белгілі болды

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев апатты жағдайдағы және үш аусымды мектептердің мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда еліміздің қалалары мен ауылдарында қанша оқушыға орын тапшы? Оны шешу үшін қандай жүйелі шаралар қабылдануда? деп сұрақ қойды сенат депутаты Оқу-ағарту министріне.

Қабылданып жатқан жүйелі шаралардың негізінде үш аусымды және апатты мектептердің мәселесі шешіліп келе жатыр. Биылдың өзінде 132 мың оқушы орнына арналған 154 мектеп салынды. Соның нәтижесінде 12 апаттық және 29 үш аусымды мектептің мәселелері шешілді, – деді Ғани Бейсембаев.

Министр оқушы орнының тапшылығы Астана, Алматы, Шымкент және Алматы мен Түркістан облыстарында бар екенін айтады. 

Бейсембаевтың дерегінше, елде 52 апатты мектеп, 132 үш аусымды мектеп бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы