Апатты үйде тұратын 813 атыраулық пәтерлі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Атырау қаласында қуанышқа кенелгендер арасында ұзақ жылдар баспана азабын тартып келген қарабатандық 27 отбасы бар, деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Биыл қуанышқа кенелгендер арасында ұзақ жылдар баспана азабын тартып келген қарабатандық 27 отбасы бар. Олар Жұлдыз шағын ауданындағы жаңа пәтерлерге орналасты. Олар осыған дейін 60-шы жылдары салынған, газ тартылмаған ескі үйлерде тұрып келді. Елдімекендерінде автокөлік жолдары мен көше жарығы болған жоқ еді.
Қалаға көшуді асыға күткен едік. Біз үшін бұл үлкен қуаныш,- дейді теміржол саласының ардагері Назымгүл Өтеуова.
Биыл осылайша тозығы жеткен үйлердi мекендеуге мәжбүр болған халықтың 40% - ы жаңа баспанаға көшті. Алдағы уақытта 1500 жаңа пәтер тапсырылса, өңірдегі апатты үй тұрғындарының мәселесі түбегейлі шешiледі. Осы мақсатта жыл соңына дейін Атырау қаласындағы Молдағалиев көшесі 30, 33 А және Төлебаев көшесі 44 мекен-жайындағы жатақхана тұрғындарын баспанамен қамту жоспарланған.
Сонымен бірге, Атырау қалалық әкімдігі ескі үйлердi күреумен қатар, аталған тұрақтардың инфрақұрылымын пайдалана отырып, жаңа үй құрылысын жүргiзуге инвесторлар тарту, тиісті техникалық кепілдіктердi сақтай отырып, аз шығынмен, ескі үйлердi қалпына келтіру жолдарын карастыруда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2021 жылы коммуналдық қызмет тарифі өспейді
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы