Апаттар медицинасы дәрігерлері 264 адамға көмек көрсетті

Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуді жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының 16 медициналық бригадасы ТЖ аймағында жұмыс істеп, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде.

Бүгінгі таңда 264 адамға медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 14 адам ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, АМО психологтары шұғыл психологиялық көмек көрсетуді жалғастыруда. «Жедел желі» телефонына 1700-ден астам қоңырау түсті, - деп хабарлады ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы