Апатқа ұшыраған автобустың жүргізушісі жазалана ма?

Әлеуметтік желіде Алматыда апатқа ұшыраған автобус жүргізушісінің бейнежазбасы тарады. Ол өзіне қылмыстық іс қозғалғанын айтады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бейжазбада жүргізуші әйел автобус апатында қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтты. Сондай-ақ басында өзіне келген тергеушілердің оны куәгер ретінде қарастырамыз дегенін, ал ауруханадан шыққанда үстінен қылмыс іс қозғалғанын хабарлайды.

Аталған жағдайға Алматы қаласы Полиция департаменті түсініктеме берді.

Бұрын хабарланғандай, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасымен ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі, 351-бабы 3-бөлігі және 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Айта кетейік, қоғамдық көлік жүргізушісі К.есімді азаматшадан, жәбірленуші ретінде қылмыстық істер аясында жауап алынды.
Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады,- дейді Алматы қаласы Полиция департаменті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы