АӨСШК жұмысы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесін (АӨСШК) 2022 жылы шақыру жөніндегі қазақстандық бастамаға 30 жыл толды. АӨСШК-нің аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жұмысының маңыздылығы туралы «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Қазыбек Майгелдинов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ертең осыған орай Астанада Саммит басталады. Құрамына 27 мемлекет кіретін ұйымның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жұмысы бүгінгі таңда маңызы зор. Мұндай алаңды құруға бастаманы Қазақстан тура 30 жыл бұрын ұсынған. Қазіргі жан-жағымызда болып жатқан дүрбелең кезінде нақ осындай диалог алаңдарының қай-қайсысы болсын еліміз үшін геосаяси тұрғыдан алғанда тұрақтылығымыз бен тұтастығымызды сақтауға қосар үлесі зор. 

Осы ретте бір ай бұрын елімізде мемлекеттік іс-сапарымен болған ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин АӨСШК қызметін және Қазақстан төрағалығының өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын жоғары бағалады. Си Цзиньпин ҚХР Қазақстанға АӨСШК Төрағасы ретіндегі басымдықтарды іске асыруда қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

Қытай Халық Республикасы кеңес жұмысына белсенді қатысып, АӨСШК институттандыруына үлкен үлес қосты. 2014 жылдан 2018 жылға дейінгі төрағалық ету кезеңінде ҚХР бастамасымен Талдау орталықтарының форумы (кейінірек АӨСШК институттарының біріне айналды), сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың форумы құрылды. 

Жалпы алғанда, халықаралық аренада мемлекетіміз неғұрлым жоғары деңгейде дипломатиялық қарым-қатынас орнату арқылы өз орнын шегелесе, соғұрлым кез келген қауіптен алшақ болуға кепілдік алуға мүмкіндігі жоғарыламақ. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы