АӨСШК халықаралық ұйымға айналса не өзгереді? - бас хатшының жауабы

АӨСШК халықаралық ұйымға айналса, не өзгереді? Бұл сұраққа АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Азия кеңесі халықаралық ұйымдардың бірқатар қасиетіне ие. Ұйымдағы транформацияның бірінші қадамдары атқарылғаннан кейін саммиті басқару органдары өздері институт болып қалыптасты. Азия кеңесіне мүше мемлекеттер басшылары және үкімет басышылары деңгейінде кеңес  құрылды. Бұл бірінші қадам. Екінші қадам, сыртқы істер министрлерінің бас қосуы кеңес болып қалыптасты. Әрбір құрылымдарда түрлі деңгейдегі жұмыс әдістері бар. Мысалы, Азия құрылымыда сол аумақтың бүкілін қамтитын кеңес жоқ. Бүкіл Тынық мұхиты мен Жерорта теңізіне дейін алып қарасақ, Орал тауынан Үнді мұхитына дейін алсақ, оларды біріктіретін ұйым жоқ, - деді спикер орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, Азия кеңесінде дипломатиялық қарым-қатынас орнатпаған мемлекеттер де бар.

Меніңше, бұл кеңесіміздің әдемілігін көрсетіп отыр. Яғни, бір-бірімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатпаған мемлекеттер Азия кеңесінде төңірегінде бірдей тең құқыққа мүше болып, қатыса алады. Жәнеде, сындарлы диалог жүргізуге мүмкіндік беріледі, - деді Қайрат Сарыбай. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы