Аңыз бен ақиқат: күніне 10 мың қадам адамды аздыра ма
Күніне 10 000 қадам жасау ұзақ уақыт бойы физикалық белсенділіктің стандарты болып саналды, бірақ бұл сан артық салмақпен күресудің әмбебап рецепті емес, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы америкалық терапевт Майкл Чичак WellnessPulse басылымына берген сұхбатында айтты.
Дәрігердің айтуынша, бұл норманың танымалдығына қарамастан, салмақ жоғалтудың негізгі факторы қадамның көптігі емес, жаяу жүру кезінде қарқынды арттыру болып табылады. Ол үнемі 10 мың қадам жасап қарапайым серуендеу қажетті нәтиже бермеуі мүмкін екенін, ал жылдам жүру іс жүзінде зат алмасуды тездететінін және салмақ жоғалтуға ықпал ететінін атап өтті.
Дәрігер 2021 жылғы зерттеуге сілтеме жасады, онда салмағы жоғары ересектер күнделікті топтық серуендерге қатысқан. Күніне 7000 қадамды 12 апта жүріп өткеннен кейін қатысушылар дене салмағының, дене майының пайызы азайғаны мен бел аймағындағы өзгерісті атады.
Ал Қытай мәдениет университетінің зерттеушілерінің тағы бір зерттеуі қаадм жасауда қарқынды арттырмай күніне 12 000 қадам жасау артық салмағы бар студенттердің дене сымбатын өзгертпейтінін көрсетті. Дегенмен, бағдарламаға жылдам жүрісті қосқанда, нәтиже көп күттірмеген – салмақ азая бастаған.
Майкл Чичак серуендеу тиімді құрал екенін, бірақ тек дұрыс тамақтану, жаттығу және сапалы ұйқымен үйлесетінін атап өтеді.