Анықтамасыз келген 339 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 27 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жария етті.

2021 жылғы 27 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді.

2 908 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 435 адам, анықтамасыз 473 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 058 жолаушы, анықтамамен - 1 793, анықтамасыз - 265;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 473 жолаушы, анықтамамен - 415; анықтамасыз - 58;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 234 жолаушы, анықтамамен - 84; анықтамасыз - 150;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 143 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сонымен қатар комитет 2021 жылдың 26 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметті ұсынды.

Анықтамасыз келген барлық 339 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы