Антициклон. - 10 градусқа дейін аяз күтіледі

"Қазгидромет" 20, 21 және 22 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Көктемнің келгеніне қарамастан, елдің солтүстік өңірлерінде қайтадан суық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қысқа мерзімді жылынудан кейін елдің солтүстігіне суық антициклон жылжи бастайды. Ол 21 наурызда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ және боранмен бірге қатты жел әкелетін қазіргі циклонды ығыстырады.

22 наурызда антициклон солтүстік өңірлерге жетіп, жауын-шашынның тоқтауына және түнгі уақытта температураның 5-10 градусқа дейін төмендеуіне себеп болады. Антициклон Қазақстанның оңтүстігін де айналып өтпейді – ол фронттық жүйелерді тауларға қарай ығыстырып, жаңбыр жаууына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі, – деп мәлімдеді синоптиктер.

Бұған дейін "Қазгидромет" 2025 жылдың наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Метеорологтардың айтуынша, көктемнің алғашқы айы жылы және жауын-шашынды болады. Қазақстан аумағында орташа температура нормадан 2 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Ал жауын-шашын елдің басым бөлігінде нормадан көп, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыс өңірлерде қалыпты деңгейде түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы