Антисептикті өз қолыңызбен жасап алыңыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі коронавирус ахуалына байланысты дәріханалар мен дүкендерде қолды таза ұстауға арналған антисептиктер тез таусылып жатыр. Ал кішігірім елді-мекенде тіпті қалмаған. Мұндайда антисептикті үй жағдайында жасауға болады.
1-рецепт:
- 50 мл 90% медициналық спирт; - 30 мл глицерин (денсаулыққа, техникаға қолдану үшін әртүрлі майдан жасалатын ақшыл сұйық зат); - Кез келген эфир майынан 5 тамшы (апельсин, грейпфрут не жалбыз); Бәрін араластырып, дозаторы бар бөтелкеге құямыз.2-рецепт:
- 50 мл су; - 50 мл спирт тұнбасы (түймедақ, дәрілік қырмызыгүл); - 30 мл глицерин; - 5 тамшы лимонның эфир майы; Бәрін араластырып, дозаторы бар бөтелкеге құямыз.3-рецепт:
- 7 тамшы шай ағашының эфир майы; - 50 мл спирт тұнбасы (түймедақ, дәрілік қырмызыгүл); - 1 ас қасық алоэ гелі; Бәрін араластырып, дозаторы бар бөтелкеге құямыз.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Головкин мен Альварес ауызша келісімге келді
Өзгелердің жаңалығы