Антисептиктердің бағасы 17%-ға қымбаттаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың қаңтар және сәуір айлары аралығында еліміздің фармацевтикалық компаниялары шығарған негізгі өнімдердің көлемі өскен.  Бұл туралы energyprom.kz басылымы хабарлады. 

2019 жылдың қаңтар және сәуір айларындағы көрсеткіштен 33,9%-ға немесе 41,9 млрд теңгеге артық. Инфляцияны есептегендегі нақты өсім 24,2%-ға жеткен. 

Басылымның дерегінше, антисептиктер (16,9%), қызуды түсіретін препараттар (8,5%), антибиотиктер (7,3%) мен бүйректі емдеуге арналған дәрілердің (7,4%) бағасы шарықтап кеткен.

Өнімдердің 75,7%-ы үш өңірде шығарылған: Алматы облысы (11,6 млрд теңге, бір жылда 3,1%-ға өскен), Шымкент (11.4 млрд теңге, 6,5%-ға өскен), Алматы (8,8 млрд теңге, 39,3%-ға артқан).

Бұл өңірлерде "АбдиИбахим ГлобалФарм" ЖШС, "Kelun-KazPharm" ЖШС, "Dolce" ЖШС, "Химфарм" АҚ, "Зерде-Фито" ЖШС, "Нобел" Алматыдағы фармацевтикалық фабрикасы, "Аврора" ЖШС, "Cheminnova Alimor Kazpharm" ЖШС, "Rapid-Alimor Pharm Industries" ЖШС, "Dosfarm" ЖШС сияқты ірі компаниялар орналасқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы