Антирекорд: Жапонияда жыл сайын дүниеге келетін балалар саны азайып барады

Жапонияда 2025 жылы туу көрсеткіші соңғы 127 жылдағы ең төмен деңгейге түсуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Azernews таратқан мәліметке сәйкес, елде бір жыл ішінде шамамен 667 500 бала дүниеге келеді. Ал 2024 жылы Жапонияда 700 мың бала туған, бұл 1899 жылдан бері статистика жүргізіле бастағалы тіркелген ең төмен көрсеткіш болған.

Бұл жаңа болжам Халық және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі ұлттық зерттеу институтының 2025 жылға 749 мың бала туады деген бұрынғы болжамынан едәуір төмен, – делінген хабарламада.

Мақалада Жапонияда туу деңгейінің төмендеуі жалғаса берсе, бұл еңбекке қабілетті халық санының одан әрі қысқаруына және экономиканың негізгі салаларында жұмыс күші тапшылығының күшеюіне әкелетіні ескертіледі.

Сарапшылардың айтуынша, бұл үрдіс автоматтандыруды жеделдетіп, шетелдік жұмыс күшіне тәуелділікті арттыруы мүмкін. Соның нәтижесінде алдағы онжылдықтарда Жапонияның экономикалық және әлеуметтік келбеті айтарлықтай өзгеруі ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы