Антикорда кімдер көп жемқорлық жасайтыны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов айтты.

Жемқорлық қылмысы бойынша қылмыстық жауапкершілікке 412 адам тартылды. Оның ішінде 10 пайызы немесе 42 адам республикалық және облыстық деңгейдегі басшылар болып табылады. Жемқорлықты көп жасайтындар жергілікті атқарушы орган өкілдері. Оның полиция мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері бар. Бұл мемқызметкерлердің басым бөлігі әкімдіктер мен полицияға тиесілі екенін айта кету керек, - деді Жақсымбетов.

Ол атағандай, жемқорлыққа бейім ұйымдарға кедендік қызмет пен білім беру саласы жатады.

Кедендік салада 85 адам, білім саласында 32 адам, денсаулық сақтау мен құрылыс саласында 27 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Антикордың бірінші тоқсандағы жұмысы бойынша 46 дерек жүйелік қылмыс, шенеуніктердің бизнеске заңсыз араласуы бойынша 38 дерек тіркелді, - деді ол.

Жақсымбетов айтқандай, дағдарысқа қарсы қаржының дұрыс жұмсалуы Антикордың басты назарында.

Ол салада жұмыстың әлеуеті жоғары. Бірқатар қылмыстық іс осы бағытты бақылауда ұстауды көрсетті, - деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы