"Антикор тартып алса, әйеліме сыйлаймын": Ерболат Досаев қала тұрғынының қолын қақпады

Алматы қаласының әкімінің Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғыны әкімге қызметі мен атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, оның суреті бейнеленген алып картина сыйлады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Суретте күлімсіреген қала басшысы екі қолына екі бетон блок ұстап тұр.

“Ақжар” және “Шұғыла” шағынаудандары сіздің жұмысыңызға дән риза.  Тек қыркүйек айында 90 миллион теңгеден астам қаражат үнемделді. Сіз автобус жолағын жасадыңыз. Электр энергиясын есепке алатын үш фазалы, бір фазалы есептегіш аспаптардың бағасын 141-ден 115 мыңға дейін төмендеткеніңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ енді ауданда орталық сумен жабдықтау және кәріз жүйесі болады. Өзекті мәселелерімізді шешіп бергеніңіз үшін мың алғыс, - деді алматылық тұрғын.

Досаев алдымен «Антикор тартып алса ше?» деп ұсынылған сыйлықтан бас тартқысы келген. Кейін лебіз білдірушінің көңілін қимай, «әйеліме сыйлаймын» деп сыйлықты қабыл алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы